Раиси: Исламдық елдердің жақындасуы сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау үшін қажет
(last modified Tue, 18 Apr 2023 11:49:29 GMT )
Сәу 18, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Раиси: Исламдық елдердің жақындасуы сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау үшін қажет

ИИР Президенті Палестина мәселесін қолдау және сионистік режимнің басқыншылықтарын, әсіресе бұл режимнің әл-Ақса мешітіндегі және Палестинаның ораза тұтушы халқына қарсы қатыгездік әрекеттерін айыптау үшін исламдық елдердің жақындасуы мен бірауыздылығының маңызды әрі қажет екенін қуаттады.

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Палестина халқының құқығы сионистік басқыншы режим сарбаздарының етігі астында тапталып, халықаралық қауымдастықтың үнсіздігінен бұл заңсыз режимнің басшылары күн сайын арсыздық танытуда. ИИР Президенті Ибрахим Раиси Бангладеш Премьер-министрі Шейх Хасинамен телефон арқылы сөйлесіп, Бангладеш үкіметі мен мұсылман халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, ИИР-ның сыртқы саясатының әлем елдерімен, әсіресе ислам елдерімен қарым-қатынастарды дамыту және нығайтуға негізделгеніне тоқталды. Раиси Иран мен Бангладеш арасындағы жақсы қарым-қатынастардың, әсіресе жан-жақты экономикалық және коммерциялық ынтымақтастық саласындағы бұдан әрі дамитынына үміт білдірді.

Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина да сионистік режимнің Палестинаның ораза тұтушы халқына қарсы қылмыстық әрекеттерін қатаң айыптап, Палестинаның қысым көрген халқына қолдау көрсету және сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау Бангладеш үкіметі мен халқының тұрақты ұстанымы екенін баса айтты.

Бангладеш Премьер-министрі ИИР-мен қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, бұл қарым-қатынастарды, әсіресе, сауда-экономикалық салаларда және аймақтық ынтымақтастықты қалаған деңгейге жеткізу үшін нығайтуды қуаттады.