Раиси: Ислам елдерінің ынтымақтасуы Палестина халқының құқықтарын қорғауда әсерлі болмақ
(last modified Thu, 20 Apr 2023 10:10:27 GMT )
Сәу 20, 2023 16:10 Asia/Almaty
  • Раиси: Ислам елдерінің ынтымақтасуы Палестина халқының құқықтарын қорғауда әсерлі болмақ

Иран Президенті Оман сұлтанымен телефон арқылы сұхбатында Ислам елдерінің ынтымақтасуы Палестина халқының құқықтарын қорғауда әсерлі болатынын айтты.

Ибрахим Раиси Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саидпен телефон арқылы сұхбатында Оман үкіметі мен халқын Ораза айтпен алдын ала құттықтап, Иранның сыртқы саясатында Оманмен қарым-қатынастың айрықша орны барына тоқталып, екі ел арасындағы келісімдердің орындалу барысына шолу жасады.

Раиси сионистік режимнің басқыншылықтары мен қорғансыз палестиналық намазхандарға айуандық шабуылдарын айыптап: "Ислам елдерінің ақылдасуы мен ынтымақтасуы сионистік режимнің басқыншылықтарын тежеуде және Палестина халқының заңды құқықтарын қорғауда әсерлі болмақ",-деді.

Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саид осы телефон арқылы сұхбатта Иранмен байланыс деңгейіне ризалық білдіріп, екі ел арасындағы келісімдерді орындау қажетін айтып, сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне қарсы әрекеттерін айыптап: "Оман палестиналықтардың заңды құқығы орындалғанға дейін Палестина мәселесіне қатысты ұстанымына берік болып қала береді",-деді.

Тегтер