Сәу 21, 2023 21:16 Asia/Almaty
  • Суданда атысты тоқтату бітімі жарияланса да, қақтығыстар жалғасып жатыр

Судандағы жылдам қолдау күштері 72 сағатқа атысты тоқтату бітімін жариялауға келіскенімен, осы елдің армиясы қақтығыстардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Судандағы қарулы қақтығыстардан 413 адам қаза тауып, 3551 адам жараланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Судан армиясы: "Біздің күштеріміз бүгін Хартум қаласының оңтүстігінде жылдам қолдау күштеріне ауқымды шабуыл жасады",-деп мәлімдеді.

Судан армиясы Хартумдағы амалдардың әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Кейбір ақпарат құралдары Ум Дарман қаласында Судан армиясы мен жылдам қолдау күштері арасында жеңіл және ауыр қарулармен қатты қақтығыстар болыа жатқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, Судан армиясы қақтығыстар басталғаннан бері бірінші рет алыстан басқарылатын әрі жоғары дәлдікпен тиетін зымырандарды қолданып жатыр.  

Тегтер