Армения мен Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін Ресей жағына шықты
(last modified Sat, 22 Apr 2023 11:09:36 GMT )
Сәу 22, 2023 17:09 Asia/Almaty
  • Армения мен Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін Ресей жағына шықты

Америкалық басылым Армения мен Қазақстанды әскери технологиялар импортына салынған санкцияларды айналып өту үшін Ресейді қолдады деп айыптады.

Америкалық New York Times басылымы сәуірдің 18-і күні «Ресей: санкцияларды айналып өту, батыстық әскери технологияларды импорттау» деген мақаласында Арменияны Ресейге электронды чиптер мен басқа да әскери электронды тауарлар экспорттайтын ел ретінде таныстырды. Бұл газеттің жазуынша, «Украинада соғыс   басталғаннан бері Ресей санкцияларды айналып өтіп, Армения мен Қазақстанның көмегімен бірқатар әскери тауарларды импорттаған». The New York Times 24 наурызда Ішкі кірістер қызметі мен Сауда департаменті шенеуніктері арасындағы консультативтік кездесудің ережелеріне сүйене отырып: «Америкалық және еуропалық шенеуніктер Ресейдің Армения, Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдері арқылы американдық және еуропалық тауарларды алып жатқанына көбірек алаңдаулы»,- деп жазды.