Түркия Иранның Албаниядағы мүддесін қорғайтын болады
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Албанияда ИИР-дің мүддесін қорғайтын кеңсе ашуға келісіп, Түркияға жасап жатқан талпыныстар үшін алғыс айтты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен телефон арқылы сұхбатында ИИР СІМ-нің Түркия тарапынан Албанияда Иран мүддесін қорғайтын кеңсе ашылуын келіскенін мәлімдеді.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ Түркия халқын Ораза айтпен құттықтап, Рамазан айының рухани қуаты мұсылмандардың бірлігін арттырып, мүміндердің жүректерін жақындастыратынына үміт білдірді.
Түркия Сыртқы істер министрі екі елдің үздік қарым-қатынасына тоқталып, Иран Сыртқы істер министрін Ораза айтпен құттықтап, екі дос әрі бауырлас елдің қарым-қатынасы одан ары дами түсетініне үміт білдірді.