Иран мен Ресей арасында сауда айналымы артады
(last modified Mon, 24 Apr 2023 09:05:07 GMT )
Сәу 24, 2023 15:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасында сауда айналымы артады

Иран-Ресей сауда кеңесінің басшысы: "Жоспар бойынша екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 2025 жылға дейін 7 млрд 500 млн долларға жетеді",-деді.

Иран-Ресей ортақ сауда палатасының төрағасы Хади Тизхуш Табан Мәскеуде Иран-Ресей сауда кеңесінің жаңа басшысы Леонид Ложечкомен кездесіп, екі елдің экономикалық байланыстарының артып келе жатқанқанына тоқталып: "Екі елдің кәсіпкерлері теңіз арқылы тауар тасымалдауға ден қойып, Каспий теңізінде сауда-саттықтың артуына септігін тигізуі керек",-деді.

Тизхуш Табан Иран үкіметі мен жеке сектордың кеме қатынасын дамытуды көздеп отырғанын айтып: "Иранның Сауда палатасы Иран-Ресей ортақ сауда палатасымен әріптесе отырып, отандық кәсіпкерлер мен саудагерлерден тұратын үлкен делегацияны Қазанда өтетін ислам форумына жіберуге дайындалып жатыр",-деді.

Леонид Ложечко осы кездесуде: "Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық  қарым-қатынасы даму үстінде. Екіжақты барыс-келістің мақсаты – осы белсенділікті арттыру",-деді.