Сәу 26, 2023 16:16 Asia/Almaty
  • Жапон теңізінде  Ресей армиясы күш-қуатын көрсетті

Қарсыластарына өз күшін көрсетуді жалғастырған Ресей армиясы Жапон теңізінде жаттығу өткізді.

Дүйсенбіден бастап Ресей Жапон теңізінде сүңгуір қайықтарға қарсы «Адмирал Трибуц» эсминецтің қатысуымен оқу-жаттығуды бастады. Бұл оқу-жаттығуда эсминецте орналасқан күштер әскери-теңіз күштерінің тікұшақтарымен бірлесіп, жаудың болжамды сүңгуір қайығын іздестіріп, онымен күреседі.

Ресей Қорғаныс министрлігі сәрсенбіде өзінің сегіз алыс қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшағының Охот теңізі мен Жапон теңізіндегі бейтарап сулардың үстінен ұшқанын хабарлады. Жақында бірлескен ынтымақтастықта Ресей мен Қытай Жапон теңізі мен Шығыс Қытай теңізінде патрульдеу жұмыстарын жүргізді.

Украинада қақтығыстар басталғаннан кейін Жапонияның бұл елге қолдау көрсетуі Токио мен Мәскеу арасындағы шиеленісті арттырды. Екі елдің арасында Оңтүстік Курил аралдарының меншігіне қатысты ондаған жылдарға созылған аумақтық дау жалғасуда. «Адмирал Трибуц» эсминеці 1983 жылдан бері Ресей флотының құрамына кіреді және Тынық мұхитында осы ел үшін миссияларды орындайды.

Тегтер