Канани: Иран Украина соғысына қарсы
(last modified Thu, 27 Apr 2023 14:10:00 GMT )
Сәу 27, 2023 20:10 Asia/Almaty
  • Канани: Иран Украина соғысына қарсы

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран Украина соғысына қарсы және бұл елде атысты тоқтату бітімі жасалып, бейбітшілік орнауын қалайды",-деді.

АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті негізсіз уәж айтып, Украинаға қарсы қолдану үшін Ираннан Ресейге Каспий теңізі арқылы оқ-дәрілер жіберілді деп хабарлады.

Насер Канани сәрсенбі күні Fars ақпарат агенттігі тілшісінің сұрағына жауабында The Wall Street Journal газетінің осы уәжін теріске шығарды.

Насер Канани осы туралы: "Соғысқұмарлар Украинаға дамыған қару-жарақтарды ұдайы жіберу арқылы соғысу мен содан туындайтын саяси және қаржылай мүдделерді таңдап, келіссөз бен бейбітшілік жолын жауып отырған жағдайда Батыс елдеріне тиесілі кейбір ақпарат құралдары жалған ақпарат тарату арқылы иранофобия бағдарламасы аясында өздерінің саяси мақсаттарын көздеп отыр",-деді.

Тегтер