Сауд Арабиясының бір әскери басшысы: Иран біздің досымыз
(last modified Mon, 01 May 2023 20:06:45 GMT )
Maм 02, 2023 02:06 Asia/Almaty

Сауд Арабиясының бір әскери басшысы осы елдегі Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілін жылы қабылдап, оны құрметті досым деп атады.

Сауд Арабиясындағы Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілі Джиддадағы Малек Абдулланың резиденциясына кірер кезде әл-Ғарбия өңірінің әскери қолбасшысы Ахмад әл-Дабис тарапынан жылы қарсы алынды.

Ахмад әл-Дабис осы кездесуде Иранға қатысты оң ұстаным білдіріп: "Иран біздің әзиз досымыз. Осы ыстық ықылас пен талпыныстар Сауд Арабиясы королінің тікелей бұйрығымен атқарылып жатыр",-деді.

Тегтер