Түркиядағы сайлау науқаны
(last modified Fri, 05 May 2023 09:51:22 GMT )
Maм 05, 2023 15:51 Asia/Almaty
  • Түркиядағы сайлау науқаны

Түркияда президенттік және парламенттік сайлаулар жақындағандықтан, бұл күндері осы елдің қалалары мен облыстары партия өкілдері мен осы сайлауға қатысқан үміткерлердің үгіт-насихат бағдарламаларына куә болуда.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Президенттік коалицияның кандидаты Режеп Тайып Ердоған мен Ұлт коалициясының кандидаты Кемал Кылычдароғлу осы сайлаудың басты бәсекелестері ретінде Йекдгирді сайлауалды  сөзінде олар бір-біріне өткір де мысқыл сөздермен сұрақ қойды.

Ұлттық коалицияның кандидаты  Кемал Кылычдароғлу Ердоған үкіметінің экономикалық әлсіздігіне тоқталған сөзінде: «Сіздің үкіметіңіздің саясаты Түркияда бағаны өсірді, халық дастарханының түрлілігі төмендеді»,- деді.

Режеп Тайып Ердоған  сөйлеген сөзінде  Кылычдароғлуды  азғын топтарды қолдады деп айыптап: «Сіз және сіздің әріптестеріңіз  ЛГБТ  топтарын қолдайтыныңызды білеміз, бірақ түрік қоғамында олардың  таралуына жол бермейтінімізді біліңіз. Елімізде отбасы – қасиетті институт деп білеміз»,- деп мәлімдеді.