Путин: Батыстықтар өздерінің экономикалық мәселелерін жасыруда
(last modified Sat, 06 May 2023 11:32:47 GMT )
Maм 06, 2023 17:32 Asia/Almaty

Ресей Президенті: «Батыс елдері экономикасы қиналып жатқан проблемаларды жасыруда»,- деп қуаттады.

Ресей Президенті Владимир Путин осы елдің Экономикалық даму министрі Максим Решетниковпен кездесуінде Батыс елдерінің экономикалық проблемаларын жасырып жатқанына назар аударып, Ресей қарызының азаюына ризалығын білдіріп: «Бұл қысқару әсіресе АҚШ пен Еуроаймақ елдерімен салыстырғанда қолайлы экономикалық көрсеткіш болып саналады. Қазір Ресейдің жалпы қарызы 14,9 пайызды құраса, Америкада бұл көрсеткіш 121,7 пайызды, еуро аймағында 90,90 пайызды құрап отыр.

Басқа жағынан  Максим Решетников  Ресейдің 2023 жылдың соңына дейін экономикалық өсуде жетекші елдердің қатарында болатынына назар аударды. Ресейдің Экономикалық даму министрі ел экономикасының өсімі 2023 жылы бір пайыздан асады деп болжады. Халықаралық валюта қоры бұған дейін Украинадағы соғысты сылтауратып Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарсы тұрудағы Ресей экономикасының көрсеткіштерін жоғары бағалаған болатын.