Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Оманның астанасы Маскатқа барды
(last modified Mon, 08 May 2023 14:55:28 GMT )
Maм 08, 2023 20:55 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Оманның астанасы Маскатқа барды

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы жоғары лауазымды әскери делегацияны бастап Оманмен әскери-қорғаныс саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында Маскатқа барды.

Генерал-майор Бағери Оманға сапарына ризалық білдіріп: "Бұл сапар аймақта достық пен бейбітшілікті нығайтып, ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай әсер ететін болады",-деді.

Генерал-майор Бағери Иран мен Оман Қарулы күштері арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатынын айтып: "Аймақ мәселелері, аймақта бейбітшілік, қауіпсіздік пен тыныштықты нығайту жолдары да Оман басшыларымен талқыланатын болады",-деді.

Тегтер