Канани: Иран мен Сирия арасындағы жаңа қатынас посттерроризм жағдайында қалыптасты
(last modified Mon, 08 May 2023 15:25:48 GMT )
Maм 08, 2023 21:25 Asia/Almaty
  • Канани: Иран мен Сирия арасындағы жаңа қатынас посттерроризм жағдайында қалыптасты

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Қарсыласу өзегі жеңіске жеткеннен кейінгі Иран Президентінің Сирияға сапары өте маңызды болды. Посттерроризм кезеңінде екі ел қарым-қатынасы жаңа жолға түсті",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында: "ИИР-ның араб елдерімен қарым-қатынасы саяси-экономикалық салада жақсы серпіліс жасады. Араб елдеріне әртүрлі делегациялар жіберудің арқасында Сауд Арабиясы, Кувейт пен БАӘ елдерімен қарым-қатынас жақсарды",-деді.

Канани Iran Press тілшісінің сұрағына берген жауабында Иран Президентінің Сирияға сапарының жетістіктері және Сирияның Араб лигасына қайта оралуы туралы: "Иран мен Сирия саясат және лаңкестікпен күрес саласымен қоса, экономика саласында да екі елдің мүддесіне сай болатын жағдай жасауға талпынады",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран мен Сирия басшылары 30 баптан тұратын ұзақ мерзімді жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сондай-ақ екі елдің басшылары 15 сауда-экономикалық құжатқа қол қойды. Құжаттарда жеке сектордың экономикалық белсенділіктеріне баса назар аударылған",-деді.  

Тегтер