Maм 08, 2023 23:00 Asia/Almaty
  • Гарвард университетінде екінші ирандық математик әйел жарқырай көрінді

Дарынды математик Тина Түркаман Мариям Мырзаханиден кейінгі екінші ирандық математик әйел ретінде АҚШ-тың Гарвард университетінен таза математика мамандығы бойынша докторлығын алды.

2013 жылы өткен 54-ші халықаралық математика олимпиадасында әлемдегі ең үздік екінші әйел деп танылған доктор Тина Түркаман жуырда профессор Кертис Макмулленнің (Field жүлдесінің иегері) жетекшілігімен докторлық диссертациясын қорғады.

Тина Түркаман 2017 жылы Теһранда Шариф политехникалық университетінде математика мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдап, Гарвард университетіне бірден докторантураға түскен.

Мариям Мырзахани – Field жүлдесін алған алғашқы ирандық әйел. Ол 2017 жылы 40 жасында Калифорния ауруханасында обыр ауруынан  қайтыс болды.

Тегтер