Амир Абдуллахиан Мәскеу төртжақты отырысын оң бағалады
Maм 11, 2023 16:30 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мәскеу төртжақты отырысын оң бағалап: "Осы отырыста Түркия мен Сирияның көзқарастарын жақындастыру жолында оң қадамдар жасалды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні кешке Мәскеуден кетер алдында тілшілерге берген сұхбатында: "Мәскеу төртжақты отырысы аясында Ресей, Сирия және Түркия Сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездесіп, екіжақты қарым-қатынас, әсіресе сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы кеңестім",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Бұл кездесулерде Иран Президентінің Ресей және Түркия басшыларымен жеке-жеке кездесулерінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы қарастырылды",-деді.
Тегтер