Канани Блинкенге: Басқа елдердің ішкі ісіне араласпаңыз
(last modified Thu, 11 May 2023 12:38:50 GMT )
Maм 11, 2023 18:38 Asia/Almaty
  • Канани Блинкенге: Басқа елдердің ішкі ісіне араласпаңыз

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысына: "Халықтық үкіметтерге қарсы төңкерістерді қолдайтын режим БҰҰ жарғысының принциптерін сақтап, басқа елдердің ішкі ісіне араласудан бас тартуы тиіс",-деді.

"Харакат ун-назал" лаңкестік тобы серкесі Хабиб Фараджулла Чаабты өлім жазасына кесу үкімі орындалғаннан кейін Энтони Блинкен Твиттердегі жеке парақшасында ішкі іске араласу сипатыгдағы сөздер жазып: "АҚШ қос швециялық және ирандық азаматтығы бар Хабиб Фараджулла Чаабтың әділетсіз өлтірілгенін айыптайды",-деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Иранның бұрынғы режимі сияқты демократиялық емес жүйелер мен қалаусыз үкіметтерді ұдайы қолдап келетін және ұлттардың басты құқықтарын өзінің заңсыз мүдделерінің құрбаны етіп келе жатқан режим сөз бостандығы және ұлттардың басты құқықтары туралы сын айтқанша өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік болып, АҚШ ішінде азшылық топтар мен түрлі түсті нәсілдердің құқықтарының жүйелі түрде бұзылып жатқанына жауапкершілік алғаны дұрыс",-деп жазды.

Тегтер