Ресей Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімін ұзартуға шарт қойды
(last modified Fri, 12 May 2023 12:01:43 GMT )
Maм 12, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Ресей Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімін ұзартуға шарт қойды

Ресей Қара теңіз арқылы астық экспорттау туралы келіссөздерде келісімге қол қою үшін қарсы тарапқа шарт қойды.

Түркия, БҰҰ, Ресей мен Украина 2022 жылы 22 маусымда Стамбұлда Украинаның Қара теңіздегі үш айлағынан астық экспорттауды қайта бастау туралы келісімге қол қойды. 2022 жылы ақпан айында Ресей мен Украина арасында соғыс басталғаннан кейін астық экспорты тоқтап қалған болатын.

Осы келісімнен кейін үш ел мен БҰҰ өкілдерінің қатысуымен Стамбұлда жүк тасымалын бақылау үшін ортақ үйлестіру орталығы ашылды.

ТАСС ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин тілшілерге берген сұхбатында: "18 мамырға дейін Ресей өз талаптарын орындауға қажетті кепілдіктер алмаса, келісімнің күшін жояды",-деп мәлімдеді.

Ресейдің астығы мен тыңайтқыштарын экспорттауға мүмкіндік беру және осы елдің Ауыл шаруашылығы банкін SWIFT-ке қосу – Мәскеудің қарсы тарапқа қойған талаптарының бірі.