Ердоған Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i69698
Режеп Тайып Ердоған "Әділет және даму" партиясының кеңсесі алдында сөйлеген сөзінде президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2023 21:43 Asia/Almaty

Режеп Тайып Ердоған "Әділет және даму" партиясының кеңсесі алдында сөйлеген сөзінде президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ердоған: "Сайлау нәтижесі қандай болса да, мен Түркияның 56 млн азаматына алғыс білдіремін",-деді.

Ердоған президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысуға дайын екенін айтып: "Біз екінші кезеңде жеңіске жететінімізге сенімдіміз",-деді.

Түркия Президенті: "Халық сайлау учаскелеріне бару арқылы демократиялық үрдістерге берік екенін көрсетті. Бұл сайлаудың жеңімпазы – Түркия халқы",-деді.