Канани: Түркияда халықтың сайлауға жаппай қатысуы демократияның жеңіске жеткенін көрсетеді
(last modified Mon, 15 May 2023 15:56:01 GMT )
Maм 15, 2023 21:56 Asia/Almaty
  • Канани: Түркияда халықтың сайлауға жаппай қатысуы демократияның жеңіске жеткенін көрсетеді

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Түркияда халықтың сайлауға жаппай қатысуы демократияның жеңіске жеткенін көрсетеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні Түркиядағы сайлаудан кейін: "Халықтың президенттік және парламенттік сайлауларға жаппай әрі белсенді қатысуы осы көршілес мұсылман елде демократияның жеңіске жеткенін көрсетеді",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Түркия басшылары, саяси партиялары мен сайлауды ұйымдастырушыларды құттықтап, осы ел халқына ең жақсы тағдыр жазыларына үміт білдірді.

Дүйсенбі күні Түркияда президенттік және парламенттік сайлаулар халықтың белсенді қатысуымен бір мезгілде өтті. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 88,84 пайызы президенттік сайлауға, 88 пайыздан астамы парламенттік сайлауға қатысты.