Түркияда президенттік сайлау екі кезеңде өтеді
(last modified Mon, 15 May 2023 17:34:05 GMT )
Maм 15, 2023 23:34 Asia/Almaty
  • Түркияда президенттік сайлау екі кезеңде өтеді

Тәуелсіз саяси сарапшылардың болжамы бойынша, Түркияда президенттік сайлау екі кезеңде өтеді. Билік басындағы "Әділет және даму" партиясы мен "Республика" альянсы Түркиядағы президенттік сайлауда басым дауысқа ие бола алмады.

Түркияда президенттік сайлаудың нәтижесі мына шындықты көрсетті: Режеп Тайып Ердоғанға берілген дауыстар көрсеткіші жыл өткен сайын төмендеп келеді. Мысалы, осы елде өткен президенттік сайлаудың бұрынғы кезеңінде Ердоған 52 пайыз дауыс жинап, Президент болған еді. Ал осы жылы 14 мамырда өткен сайлауда  Ердоғанға берілген дауыс саны 50 пайыздан төмен болды. Сондықтан ол сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жете алмады. Мұның себебі айқын. Экономика саласында қате саясат ұстану, инфляция өсіп, ұлттық валюта құны түскендіктен халық өмірінде дағдарыстың пайда болуы, сыртқы саясатта бірнеше қате жіберуі, көршілес елдерге әскери басқыншылық жасауы – осының барлығы Режеп Тайып Ердоғанға биылғы сайлауда дауыс азырақ берілуіне себеп болды.

28 мамырда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Түркияның қазіргі Президенті Камал Кылычдароғлымен ауыр бәсекеге түсетін болады. Президенттікке үміткерлердің әрқайсысы сайлауға қатыспаған адамдарды екінші турда дауыс беруге тарта алса, қазірден бастап өзін Түркияның келесі Президенті санай алады.

Президенттікке үміткер үшінші адамның маңызды да ықпалды рөл ойнайтыны айқын. Сайлауда 5 пайыздан астам дауыс жинаған үшінші үміткер, яғни Синан Оган қай үміткермен келісімге келе алса, өз дауысын сол үміткерге береді.

Қорыта келгенде, Түркия халқын үміткерлерге тартатын нәрсе – олардың ел экономикасын жақсартуға берген уәделері. Өткен бірнеше жылда Ердоғанның экономикалық тобы елдің дағдарысқа ұшыраған экономикалық жағдайын жақсарта алмады.