Еуразия даму банкі Орта Азияға 8 млрд доллардан аса инвестиция салды
Еуразия даму банкі басшысының орынбасары Орта Азия елдерінің су және энергетика салаларындағы инфрақұрылымдарын дамытуға 8 млрд доллардан аса инвестиция салғанын хабарлады.
Еуразия даму банкі басшысының орынбасары Денис Ильин Алматы қаласында Азия және Тынық мұхитының даму институттары ассоциациясына мүше елдердің 46-шы конференциясында: " Еуразия даму банкіне мүше елдер аясында (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) құны 4,13 млрд долларды құрайтын 257 жоба жүзеге асырылды. 2026 жылға дейін біз тағы 4,8 млрд доллар инвестициялауымыз керек",-деді.
Еуразия даму банкі сарапшыларының болжауынша, Орта Азия елдерінде экономикалық даму әлемдік орташа есептен жоғары деңгейде жалғасады.
Еуразия даму банкі басшысының орынбасары: "Орта Азиядағы тұрғындар саны 2030 жылға дейін шамамен 17 пайызға артады",-деді.