Maм 17, 2023 16:19 Asia/Almaty
  • Ердоған: Келесі турда жеңіске жетсем, барлық уәделерімді орындаймын

Түркияның қазіргі президенті сейсенбі күні осы елдің президенті болып қайтадан сайланса, сайлау алдындағы барлық уәделерін орындаймын деп уәде берді.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні өткен президенттік сайлау туралы телебағдарламаның бірінде егер 28 мамырдан кейін халықтан өкілеттікті ала алатын болса, Алла қаласа, уәделерін бірінен соң бірі орындайтынын айтты.

Түркиядағы президенттік сайлауға үміткер осы аптада жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға баратынына назар аударып: «Кейбір адамдар осы кезеңде көптеген жер сілкінісінен зардап шеккендерге тіл тигізді. Сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін оларға тіл тигізу өте жағымсыз әрекет»,- деді.

Тегтер