Иран мен Ресей компаниялары арасында 8 меморандум мен 2 келісімшартқа қол қойылды
Иран мен Ресей компаниялары Теһранда тікелей келіссөздер өткізудің арқасында 8 меморандум мен 2 келісімшартқа қол қойды.
Иран мен Ресейдің ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясы басшыларының отырысы сәрсенбі күні Теһранда Иранның Мұнай министрі Джавад Оуджи және Ресей Премьер-министрінің орынбасары Александр Новактың қатысуымен өтті.
Ортақ комиссия отырысынан кейін мұнай-газ саласындағы ирандық және ресейлік компаниялардың қатысуымен В2В кездесулер өтті. Иран мен Ресей компаниялары арасында өнеркәсіп, технологиялармен алмасу және артық өнім саласында 8 меморандумға қол қойылды.
Иран Мұнай министрлігінің халықаралық сауда істері жөніндегі департаменті және Ресей СІМ-ге қарасты Мәскеу халықаралық қатынас институты мен халықаралық энергетика саясаты институты арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Иран Мұнай министрлігінің инженерлік-технологиялық зерттеулер департаменті мен Ресейдің Энергетика министрлігі арасында ғылыми-технологиялық әріптестік туралы жол картасына қол қойылды.
Иран мен Ресейдің Кеден басқармалары арасында рұқсат етілген экономикалық белсенділер туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, Иранның мұнай өнеркәсібі институты мен Ресейдің Қазан федералдық университеті арасында артық өнімді өңдеу туралы пилоттық әріптестік меморандумына қол қойылды.