Maм 18, 2023 17:45 Asia/Almaty
  • Берлин: Украинаға қырғи ұшақтар бермейміз

Германия Қорғаныс министрлігі: "Берлиннің Украинаға қырғи ұшақтар жіберуге мүмкіндігі жоқ",-деп мәлімдеді.

Германия Қорғаныс министрінің хабарлауынша, бұл елде Украинаға беретін қырғи ұшақтар да, украин күштерін осы салада тиісті дайындықтан өткізетін біліктілік те жоқ.  

Берлин, Вашингтон мен Лондон бұған дейін Киевке қырғи ұшақтар жіберуден бас тартқан болатын.

Украина Президенті Володимир Зеленский бұған дейін: "Батыс одақтастардан F16 қырғи ұшақтарын алу мәселесі Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесі сияқты күрделі",-деген болатын.

Тегтер