Қазан басқосуында Иран арқылы өтетін «Үлкен астық дәлізі» идеясын жүзеге асыру қарастырылды
Иран Өндіріс, кен және сауда министрінің орынбасары және Сауданы дамыту ұйымының басшысы: «Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің мүмкіндіктерін пайдалану Иран арқылы үлкен астық тасымалдау дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік болуы мүмкін»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Алиреза Пейман Пак кеше бейсенбі күні Қазанда өткен 14-ші Ресей-Ислам дүниежүзілік экономикалық басқосуда Солтүстік-Оңтүстік мамандандырылған жұмыс тобында сөйлеген сөзінде: «Бұл дәліз бойымен астықты тасымалдау мүмкіндігі бар, ол әлемнің көптеген аймақтарындағы, соның ішінде Үнді мұхитының көршілес аймақтары, Парсы шығанағы және Африкадағы адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету рөл атқара алады. Бұл дәлізді іске қосу және оны астық тасымалдауға пайдалану Иран мен Ресейге қарсы санкцияларды да бейтараптандырады»,- деп мәлімдеді.