Қазан – Теһран тікелей әуе рейсі ашылды
Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігідегі туризм саласындағы орынбасары сәрсенбіден бастап Қазан-Теһран және кері бағытта апта сайынғы тікелей рейс ашылғанын хабарлады.
Iran Press агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей-Ислам дүниежүзілік экономикалық басқосуының14-ші отырысына қатысу мақсатымен Ресейдің Қазан қаласына барған Әлиасғар Шалбафиан бейсенбі күні кешке бейсенбі күні кешке екі елдің астаналардан басқа қалаларға жаңа тікелей рейстер ашуға талпыныстарына тоқталып, 1 маусымнан бастап Санкт-Петербург- Теһран және кері бағытта тікелей әуе қатынасы ашылатынын мәлімдеді. Визаларды беру процесін жеңілдету үшін жүргізілген келіссөздерге тоқтала отырып, ол осы процестің соңғы жағдайы туралы: «Қазірдің өзінде Ресей азаматтарына әуежай визалары беріліп, екі елдің сыртқы істер министрліктерінің топтық турларға визаны алып тастау жоспары соңғы кезеңде»,- деп айтты.