Maм 20, 2023 16:46 Asia/Almaty
  • Шойгу Украинамен соғыстың алдыңғы шебінде болды

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Запорожье осіндегі «Восток» батальондарының бірінің басқаратын командалық пунктінде болды.

Украинаның оңтүстік-шығысында орналасқан Запорожьедегі операциялық аймақта болған Ресей Қорғаныс министрі осы бағытта Киев сарбаздарының көп шығынға ұшырағанын айтты. Осы сапары барысында Шойгу сонымен қатар Украинамен соғыстың негізгі осьтеріндегі жау техникасы мен жеке құрамын анықтау және жоюдағы «Восток» батальоны күштерінің жоғары тиімділігіне тоқталды.

Ресей Қорғаныс министрлігі тағы бір мәлімдемесінде өткен түнде Купянск, Красный Лиман және Донецк бағытындағы қақтығыста кемінде 280 украиндық сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. Украинадағы соғыс өзінің барлық ауқымды саяси, әскери, экономикалық, әлеуметтік және тіпті мәдени салдарымен қазір 16-шы ай жалғасуда және Батыс елдері Украинаға әлі де қару-жарақ жіберуде.

Тегтер