Мохбер: Ұлттық валютаны қолдану Иран мен Вьетнам арасында сауда айналымын жеңілдетеді
(last modified Mon, 22 May 2023 13:32:40 GMT )
Maм 22, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Мохбер: Ұлттық валютаны қолдану Иран мен Вьетнам арасында сауда айналымын жеңілдетеді

Иран Вице-Президенті Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесуінде: "Ұлттық валютаны қолдану Иран мен Вьетнам арасында сауда айналымын жеңілдетеді",-деді.

Мұхаммед Мохбер дүйсенбі күні Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесуінде Иран мен Вьетнамның қарым-қатынасын  шынайы әрі жақын деп сипаттап, өзара экономикалық әріптестікті дамыту керегін айтып: "Екі елдің сауда қатынасын кеңейту Теһран-Ханой саяси байланысын тереңдетіп, беріктендіре алады",-деді.

Иран Вице-Президенті: "Ұлттық валютаны қолдану және банкаралық әріптестікті дамыту сауда айналымын нығайтатын маңызды фактор ретінде екі ел арасында ауқымды экономикалық байланыстың орнауына жағдай жасайды",-деді.

Вьетнамның Қоғамдық қауіпсіздік министрі де осы кездесуде өзара қарым-қатынастың 50 жылдығымен құттықтап: "Екі ел осы жылдар барысында жақсы қарым-қатынаста болды. Ханой Теһранмен байланысты тереңдетіп, кеңейтуді қалайды",-деді.

Тегтер