Оман Мұнай министрі Иранның Мұнай министрімен кездесті
(last modified Sun, 08 May 2016 09:06:49 GMT )
Maм 08, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Оман Мұнай министрі Иранның Мұнай министрімен кездесті

Иран мен Оманның Мұнай министрлері мұнай мен газ саласындағы екіжақты әріптестікті кеңейту қажеттігін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күні Теһранда Оманның Мұнай-газ министрі Мұхаммад бен Хамд әр-Рамахимен кездескеннен кейін: «Екі ел кеңсесі Оманда орналасатын ортақ компания құрып, LNG нарығында маркетинг жүргізу саласында әріптестік жасайтын болады»,-деді.

Зангане Иран мен Оманның мұнай нарығына тұрақтылықты қайтару бойынша жақын ұстанымдарға ие екендігін айтып: «Бұл кездесуде мұнай нарығына тұрақтылықты қайтару жолдары талқыланды. Бұл салада да екі елдің ұстанымдары бір-біріне жақын»,-деп мәлімдеді.

Оманның Мұнай-газ министрі де Теһранға сапарының мақсатын Иранның газын Оманға экспорттауға арналған құбыр желісін салу жолындағы қиындықтарды шешу деп атап: «Иран Мұнай министрімен бүгін болған кездесуде осы жобаны тез арада орындау жолдары талқыланды»,-деді.

Оманның Мұнай министрі жұма күні 21-ші Халықаралық «Мұнай, газ, өңдеу және тарату» атты көрмеде Иранның жұрт назарына ұсынылған потенциалын өте үлкен әрі мадақтауға тұрарлық деп сипаттады.

Тегтер