Maм 26, 2023 16:44 Asia/Almaty
  • Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді

Жапон үкіметі елінің 17 Ресей азаматы мен 78 ресейлік ұйымның мүлкіне тыйым салуды, сондай-ақ 80 ресейлік ұйымға тауарлар мен қызметтерді экспорттауға тыйым салуды қарастыратын жаңа санкциялар енгізетіні хабарлады.

Бұл елдің әскери-өнеркәсіп кешеніне кіретін ресейлік компаниялардың құрылыс және инжинирингтік қызметтеріне қатысты тауарлар экспортына тыйым салынады.  Бұл шаралар G7 тобының басқа мүшелері (АҚШ, Еуропалық Одақ және Ұлыбритания) Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін 15 ай өткен соң жақында Ресейге қарсы санкцияларын күшейткен кезде қабылдануда.

Жапония премьер-министрі Мацуно өз елінің Ресейдің Беларусьте тактикалық ядролық қаруды орналастыру ниетін айыптайтынын және екі елді шиеленісті арттыратын мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақыратынын айтты.

Тегтер