Раиси: Иран мен Оманның қарым-қатынас деңгейі жоғарылады
Иран Президенті Иран мен Оманның жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысында: "Екі елдің қарым-қатынасы сауда деңгейінен инвестиция салу деңгейіне жоғарылады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси осы отырыста Иран мен Оман қарым-қатынасының сауда деңгейінен инвестиция салу деңгейіне жоғарылағанын айтып: "Екі ел басшыларының аймақтық интеграцияны нығайту туралы ортақ көзқарастары өзара тиімді әлеуеттермен қоса өзара қарым-қатынасты екіжақты және аймақтық деңгейде кеңейтуге септігін тигізіп отыр",-деді.
Раиси сондай-ақ екі елдің Йемен мен Палестинаға қатысты ортақ ұстанымдарына тоқталып, Оман үкіметі, әсіресе сұлтан Хисам бен Тарактың Йемен мен Палестина халықтарының құқықтарының орындалуы үшін жасап жатқан талпыныстарына алғыс айтып, осы талпыныстардың одан ары жалғаса түсуін қалайтынын білдірді.
Оман сұлтаны да осы отырыста Иран Президентінің шақырып, жылы қарсы алғанына алғыс айтып: "Екі елдің өзара қарым-қатынас және аймақтық әріптестік деңгейі айтарлықтай жоғарылады. Өзара сауда айналымы 2 есе артса да, екі елдің алуан түрлі әлеуеттерін ескерсек, сауда көлемінің тиісті межесінен әлі алшақпыз. Осы әлеуеттерді пайдалануға көбірек күш салуымыз керек",-деді.