Maм 29, 2023 19:59 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Аймақтық және халықаралық сахнада Оман әрдайым конструктивті рөл ойнап келеді

Иран Сыртқы істер министрі өзінің омандық әріптесімен ортақ баспасөз отырысында ИИР-дың сыртқы саясатындағы Оманның үздік орнына тоқталып: "Аймақтық және халықаралық сахнада Оман әрдайым оң әрі конструктивті рөл ойнап келеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Абдуллахиан Иран мен Оман басшыларының жексенбі күні Теһранда өткен сұхбатына тоқталып: "Бұл сұхбатта саяси-экономикалық, мәдени және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Екі ел арасында кеме қатынасын нығайту және айлақтардың сыйымдылығын арттыру керегі баса айтылды",-деп еске салды.

Амир Абдуллахиан Раисидің өткен жылы Оманға сапар шегіп, 13 ынтымақтастық құжатына қол қойғанын, бұл екі ел сауда айналымының екі есе артуына себеп болғанын айтып: "Екі ел басшыларының кешегі кездесуінде тиісті министрліктер арасында 4 құжатқа қол қойылды",-деді.

Оман Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамд әл-Бусаиди осы баспасөз отырысында Амир Абдуллахиан атап өткен ынтымақтастық салаларына тоқталып: "Мұнымен қоса, біз медициналық туризм, тамақ қауіпсіздігі, өңдеу өнеркәсібі, қайта қалпына келетін қуат көздері, екі ел айлақтары арасында тікелей байланыс орнату және кеме қатынасын нығайту және басқа да көптеген тақырыптарды талқыладық",-деді.  

Тегтер