Maм 29, 2023 23:04 Asia/Almaty
  • Путин Ердоғанды президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады

Ресей Президенті Владимир Путин Режеп Тайып Ердоғанға хат жолдап, оны президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау хатында бұл сәттілікті халықтың оның тәуелсіз сыртқы саясаты мен жанқиярлық талпыныстарын қолдауының нәтижесі деп атады.

Путин Ердоғанға Ресей мен Түркия арасында достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салада өзара пайдалы әріптестік жүргізу жолындағы талпыныстарына алғыс айтты.  

Катар әмірі шейх Тамим, Франция Президенті Эммануэль Макрон, Мысыр Президенті Абдул-Фаттах әл-Сиси, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Венесуэла Президенті Николас Мадуро, Армения Премьер-министрі  Никол Пашинян, Оман сұлтаны Хисам бен Тарак, Ливия Премьер-министрі, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Пәкістан Премьер-министрі  Шахбаз Шариф, Алжир Президенті Абдул-Маджид Табун, Ауғанстанның Талибан үкіметінің басшысы молда Мұхаммед Хасан Ахунд, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (Хамас) басшысы Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Тегтер