Иран мен Түрікменстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту керек
(last modified Wed, 31 May 2023 15:13:40 GMT )
Maм 31, 2023 21:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Түрікменстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы мен Түрікменстанның Халық мүддесі кеңесінің төрағасы екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын, әсіресе транзит саласындағы әріптестігін дамыту керегін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесуінде: "Ортақ діни және мәдени тарих, ұзақ әрі сенімді шекара екі елдің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жолын жеңілдетуге септігін тигізді",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы аймақ пен әлемдегі қазіргі жағдайды ескеріп, Иран мен Түрікменстан және бүкіл аймақ елдері арасында тауар және қуат көздерін транзиттеу мәселесін өте маңызды мұрсат деп атап: "Өзара байланысты одан ары дамыту үшін екі елдің парламентаралық қатынасын нығайту керек",-деді.  

Құрбанқұлы Бердімұхаммедов те парламентаралық дипломатияны нығайту керегін қолдап: "Иран мен Түрікменстан Азия парламентаралық кеңесінде әріптестік жасады. Әрине бұл жұмыстар жалғасуы тиіс",-деді.