Теһранның еркі Африканың дамуына көмектесу; Африка Иранмен ынтымақтастықты құптайды
(last modified Sun, 23 Feb 2025 13:46:49 GMT )
Ақп 23, 2025 19:46 Asia/Almaty
  • Теһранның еркі Африканың дамуына көмектесу; Африка Иранмен ынтымақтастықты құптайды

ParsToday – Иран Ислам Республикасы Вице-президенті келесі жылдың басында (хижраның 1404-ші жылы) үшінші Иран-Африка экономикалық ынтымақтастық саммиті мен Expo 2025 көрмесін өткізу туралы хабарлады.

ИИР Вице-президенті  Мұхаммад Реза Ареф Теһранда Африка елдері өкілдіктерінің басшыларымен кездесуінде: «Африка құрлығымен экономикалық және сауда қатынастарын дамыту Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ареф деп қосты: «Иран-Африка экономикалық ынтымақтастығы үшінші саммиті мен Expo 2025 көрмесін өткізу 14-ші үкіметтің күн тәртібінде».

Ареф: «Иранның Африка құрлығымен ынтымақтастығын жан-жақты ілгерілету екіжақты, көпжақты және аймақтық форматтарда және бізде бар өте құнды қуаттарды ескере отырып, барлық мүмкіндіктерді біріктіру және жинақтау арқылы біз қарым-қатынастарды дамытуға және халқымызға қызмет етуге жақсырақ көмектесе аламыз»,- деп баса айтты.

 

Бақаи: Иранның еркі Африкамен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи X әлеуметтік желідегі жолдауында: «Иран Ислам Республикасы Африка Одағының бақылаушы мүшесі ретінде 2025 жылы 15 және 16 ақпанда өткен Африка Одағының 38-ші саммитінің сәтті өтуін құттықтап, Одақтың жаңа президентіне (Анголадан), Одақ комиссиясының жаңа төрағасына (Джибутиден) және оның вице-президентіне (Алжирден) сәттілік тілейді.

 

Иран-Судан бірлескен экономикалық комиссиясы өтеді

Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрі Ғоламреза Нури Теһранда Суданның Сыртқы істер министрі Әли Юсуф Ахмад әл-Шарифпен кездесіп, мамыр айының бірінші аптасында екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының өткізілуіне тоқталып: «Иран судандық зерттеушілерге тұқым өсіру және мал шаруашылығы саласындағы жүз жылдық зерттеулерінің нәтижелерін беруге дайын»,- деді.

 

Оңтүстік Африка Иранмен ядролық ынтымақтастықты құптайды

Оңтүстік Африканың Минералды ресурстар және мұнай министрі, елдегі ядролық энергетиканы дамытудың жетекші жақтаушысы Гвид Манташе өз елінің ядролық энергетика технологиясын дамыту үшін Иран мен Ресей сияқты елдердің көмегіне мұқтаж екенін айтты. Айта кетейік, Иран, Ресей және Оңтүстік Африка елдері БРИКС-ке мүше.

 

Иран мен Нигер арасындағы БАҚ ынтымақтастығын кеңейту

Нигердің Теһрандағы елшісі Седу Зетау Әли Иран Телерадио хабарларын тарату ұйымының Сыртқы істер департаменті директорының орынбасары Ахмад Наурузимен кездесіп, әртүрлі мәселелерді, соның ішінде екі ел арасындағы ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Кездесуде Ахмад Наурузи бұл келіссөздер Иран Ислам Республикасы мен Нигердің ақпарат құралдары саласындағы екіжақты ынтымақтастығын дамытуға көмектесетініне үміт білдірді.