Maм 31, 2023 22:28 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: АҚШ ел іші мен сыртында геноцид жасай келе, адам құқығын қорғаушымын деп уәж айта алмайды

АҚШ-та адам құқықтарының бұзылу фактілерін ашу апталығының орталық штабының басшысы: "АҚШ басшыларының терроризмді қолдап, лаңкестік топтарды құрғаны туралы сөздері құжат түрінде сақталған",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабади сейсенбі күні АҚШ-та адам құқықтарының бұзылу фактілерін ашу апталығының орталық штабының жиналысында АҚШ-та әйелдер мен түрлі түстілердің құқықтары бұзылып жатқанын айтып: "АҚШ-та шамамен 2 млн адам сотталған. Бұл ел түрмеде жатқан адамдар саны бойынша әлемде бірінші орында. Жылына 4000 адам азаптау мен санитарлық-гигиеналық жағдайдың ауырлығынан көз жұмады",-деді.

Ғарибабади АҚШ-тағы қарулы шабуылдар, қара нәсілділердің өлтірілуі және кейінгі кезде осы елдің мектептерінде орын алған оқиғаларға тоқталып: "АҚШ азаматтарының өмір сүру құқығы бұзылып жатыр",-деді.   

Иран адам құқығы штабының хатшысы сондай-ақ АҚШ-ты сионистік режимнің қылмыстары мен санкцияларын қолдағандықтан Палестинада 500 баланың өліміне жауапты деп атады.

Ғарибабади лаңкестік топтардың қылмыстары және АҚШ-тың осы топтарды құрал ретінде пайдаланып отырғанын айыптап: "Лаңкестік топтар өздерін ирандық этникалық топтарға жатқызады. Ал ИИР оларды лаңкес деп санайды",-деді.

Тегтер