Маусым 01, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • БҰҰ Ресейге жасалған дрондар шабуылын айыптады

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дуджарик Ресейге жасалған дрондар шабуылын айыптап: "БҰҰ кез келген жерде бейбіт адамдар мен инфрақұрылымдарға жасалған шабуылды айыптайды",-деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Украина армиясының бірнеше дроны Мәскеуге шабуыл жасады.

Ресей үкіметі бұл шабуыл барысында ешкім қаза таппаған, бірақ бірқатар адам жараланып, бірнеше ғимаратқа шығын келтірілгенін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Стефан Дуджарик Украина армиясының дрондармен шабуылын айыптап: "Жуырда Мәскеуге жасалған шабуыл мен Украина қалаларына жасалып жатқан ауқымды шабуылдарды мүлде салыстыруға келмейді",-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні: "Киев бейбіт нысандарға шабуыл жасау арқылы Ресей азаматтарының үрейін тудыруды көздеп отыр. Бұл – лаңкестік әрекеттердің айқын нышаны",-деді.  

Тегтер