Маусым 01, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Кейптаунға барды

BRICS тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін ОАР-ға аттанған Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан бүгін, бейсенбі Кейптаун әуежайына жетті.

BRICS тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы 1 маусымда ОАР-дың Кейптаун қаласында өтеді. ОАР Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрін осы отырысқа қатысуға шақырды.

BRICS тобына мүше елдер – әлемнің жаңа экономикалық алпауыттары Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасы. Олар әлем тұрғындарының жартысына жуығын қамтиды. Құрлықтың 30 пайызын алып жатыр. Әлемде салынған инвестицияның төрттен бірі осы елдерге тартылған.

Кейптаун қаласында өтетін BRICS тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы Иранды осы экономикалық топқа қосудың перспективасы мен бағдарламасын түсіндіруге және мүше елдермен Иранды осы топқа қосуды жеңілдету туралы кеңесуіне қолайлы мұрсат болып табылады.

Тегтер