Украина Президентінің аға кеңесшісі: Соғыс біртіндеп Ресей жеріне ойысады
Маусым 01, 2023 21:19 Asia/Almaty
Украина Президентінің аға кеңесшісі Михаил Подоляк Киевтің сейсенбі күні Ресейге жасалған дрондар шабуылына қатысы барын теріске шығарып, шабуыл жасалғанына қуаныш білдіріп: "Ресейге дрондар шабуылы жиілейтін болады. Өйткені Мәскеу дағдарысты шешуге тырыспады",-деді.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Украинаның Ресей жеріне шабуылын қолдады. Джеймс Клеверли: "Украина Ресейдің күш-қуатына соққы беру үшін шабуыл жасауға құқылы",-деді.
Украинаның Ресей жеріне шабуылы күшейгеннен кейін Мәскеу үкіметі: "Украина шекарасына жақын жердегі Белгородтан жүздеген бала эвакуацияланады. Бұл ауданда жағдай қатерлі",-деп мәлімдеді.
Тегтер