Шейх Закзаки: Бізге әлі де имам Хомейнидің ойлары қажет
(last modified Sun, 04 Jun 2023 14:41:46 GMT )
Маусым 04, 2023 20:41 Asia/Almaty
  • Шейх Закзаки: Бізге әлі де имам Хомейнидің ойлары қажет

Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі имам Хомейнидің дүниеден өткеніне 34 жыл өтсе де, Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының идеялары әлі де өміршең және өзекті екенін айтты.

Имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болуының жылдығымен бір мезгілде шейх Ибрахим Закзаки Абуджадағы Iran Press тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының ойларының әсері туралы былай деді: «Біз имам Хомейнидің (р.а.) ойларын қажет етпейтін заманға жеткен жоқпыз. Имам Хомейнидің (р.а.) ойлары әрқашан тірі, өйткені Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи оның жолымен жүреді.»

Шейх Ибрахим Закзаки сондай-ақ ИИР-ның санкцияларға қарамастан ғылыми жетістіктерге жеткені туралы: «Иран шет елдерге тәуелді емес және бұл Иранның ілгерілеуінің себебі»,- деп тоқталды.