Украинаның Донецкке шабуылы тоқтатылды
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Украина армиясының Донецк аймағының алғы шебіне жасалған ауқымды шабуылының беті қайтарылды",-деп хабарлады.
Батыс ақпарат құралдарында Украинаның қарымта шабуыл жасау ықтималы туралы сөз қозғалып жатқанына бірнеше апта болды. Украина осы шабуылға дайындалу сылтауымен Батыстан дамыған әскери құралдар, соның ішінде танктер мен әуе-қорғаныс жүйелерін алып, әскерилерін дайындап жатыр.
CNN телеарнасының хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі жексенбі: "Украина күштерінің Донецк облысының оңтүстігіне жасаған шабуылына украиндық сарбаздар, танктер, жаяу әскерлердің бронетранспортерлері мен броньды көліктері қатысты",-деп хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: "Дұшпан осы аймақтағы біздің ең әлсіз шебімізді бұзғысы келді. Бірақ дұшпан өз мақсатына жете алмады",-делінген.