Маусым 05, 2023 21:32 Asia/Almaty
  • Канани: Әзірбайжан халқы Ираннан емес, сионистік режимнен қорқуы керек

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Әзірбайжан үкіметінің өз азаматтарына Иранға сапар туралы ескерту жасағанына реакциясында: "Әзірбайжан халқын исламдық өркениетке ие Ираннан емес, сионистік режимнен қорқыту керек",-деді.

Әзірбайжан СІМ Иранға қатысты жағымсыз әрекеттерін жалғастырып, осы елдің азаматтарына Иранға сапар жайлы ескерту жасап, оларды қажетсіз сапардан бас тартуға шақырды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Әзірбайжан республикасының бұл шарасына жауабында: "Әзірбайжан СІМ өз азаматтарына Иранға сапар жайлы ескерту жасады! Сионистік режимнің Президенті Бакуге сапарында осы саясатты ұстанған болатын",-деді.

Канани Твиттердегі жеке парақшасында: "Біз Әзірбайжан азаматтарына визаны алып тастап, есігімізді ашу саясатын ұстанып отырмыз",-деп жазды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сондай-ақ: "Тату көршілестік – біздің басты саясатымыз. Әрине ол өзара құрмет, көршілестік принциптерді сақтау аясында жүргізіледі",-деді.

Тегтер