Маусым 06, 2023 00:14 Asia/Almaty
  • Ертең Эр-Риядта Иран елшілігі ашылады

Ертең Эр-Риядта Иран елшісінің қатысуымен елшілік ашылады.

France-24 ақпарат арнасының хабарлауынша, ертең сағат 18:00-де Сауд Арабиясында Иран елшісінің қатысуымен елшілік ашылады.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан кеше Эр-Риядтағы Иран елшісінің уақытша жетекшісімен телефон арқылы сұхбаттасып, Сауд Арабиясының астанасында елшілік пен Джиддада бас консулдықтың ашылу салтанатына дайындық жағдайымен танысты.

22 мамырда Әлиреза Инаяти Сауд Арабиясы үкіметіне Иранның елшісі ретінде таныстырылды. Ол Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі және Парсы шығанағы елдері департаментінің директоры болған. Ол сондай-ақ Кувейтте Иранның елшісі болған.  

Тегтер