Маусым 09, 2023 21:01 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Біз Иранның газ хабын құру идеясын қарастырамыз

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресейдің тиісті мекемелерінің Иранның Ресей, Катар және Түркіменстанның қатысуымен газ хабын құру жоспарын қарастыратынын мәлімдеді.

 

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Рябков Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында журналистерге берген сұхбатында: «Біз кең мағынада энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге көмектесетін және Ресей-Иран қарым-қатынасының үздіксіз дамуына ықпал ететін бастамаларды құптаймыз және жалпы алғанда сындарлы ұсыныстарға ашықпыз»,- деді. Ол бұл мәлімдемені Иранның Мұнай министрі Джавад Оджидің «Ресей, Түркіменстан және Катардың ынтымақтастығы арқылы біз Асалуе жағында газ хабын құруға тырысамыз» деген сөзіне жауап ретінде жасады. Рябков: «Әрине, экономикалық белсенділер мен тиісті федералды құқық қорғау органдары бұл идеяны мұқият зерттейді. Біз бұл тұрғыда аталған  елдердің барлығымен тығыз байланыстамыз»,- деп айтты.

 

Тегтер