Иран ұлттық волейбол командасы Ұлттар лигасында Қытай командасымен ойнап, бірінші жеңісіне жетті
https://itolqyn.com/news/world-i70308
Иранның ұлттық волейбол командасы бүгін (сенбі) Қытайды 3-1 есебімен басым ойынмен жеңіп, Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2023 18:49 Asia/Almaty
  • Иран ұлттық волейбол командасы Ұлттар лигасында Қытай командасымен ойнап, бірінші жеңісіне жетті

Иранның ұлттық волейбол командасы бүгін (сенбі) Қытайды 3-1 есебімен басым ойынмен жеңіп, Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның ұлттық волейбол командасы Қытайға қарсы бірінші сетте 25-23, екінші сетте 25-15 және төртінші сетте 25-14 есебімен жеңіске жетті. Қытай волейбол командасы да үшінші сетте Иранды 25-20 есебімен жеңді.

Иранның ұлттық волейбол командасы Жапония мен Польшаға қарсы өткен екі ойында жеңілген болатын.