Маусым 10, 2023 18:52 Asia/Almaty
  • Анкара Ердоғанның жағдайының нашарлағанын теріске шығарды

Түркия президентінің кеңсесі осы елдің Президенті Режеп Тайып Ердоғанның денсаулығы нашарлап барады деген баспасөз ақпаратын теріске шығарды.

 

Бұған дейін журналист Джон Аткелли Twitter-де дәрігерлер Режеп Тайып Ердоғанға жақын арада ота жасауға дайындалуы мүмкін екенін жазған, дегенмен журналист операцияның себебін және медициналық жағдайын нақтыламаған.

«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенттігіне қарасты жалған ақпаратпен күресу орталығы бұл мәлімдеме туралы: "Ердоғанның денсаулығына қатысты бірқатар әңгімелерде айтылған мәлімдемелер шындыққа жанаспайды, негізсіз және қоғамдық пікірді манипуляциялауға бағытталған",- деп айтылды.

 

Тегтер