Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Mon, 12 Jun 2023 12:35:17 GMT )
Маусым 12, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері телефон арқылы екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан шейх Мұхаммед бен Әбдірахман әл-Санимен телефон арқылы сұхбатында ИИР мен Катар үкіметінің жақын достық қатынасқа ие екеніне меңзеп, екіжақты байланысты одан ары дамыту керегін айтты.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Катар үкіметінің екіжақты, аймақтық және халықаралық қарым-қатынаста конструктивті талпыныстар жасап, оң рөл атқарып жатқанына алғыс айтты.

Катардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Әбдірахман әл-Сани Иран мен Катардың достық қатынасына ризалық білдіріп, өзара талпыныстар мен байланыстың дамығанын мақтап, тараптар арасындағы кеңестерді одан ары жалғастыру керегін айтты.

Тегтер