Ядролық келісімгерлер командасының баспасөз кеңесшісі: ИИР АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізген жоқ
(last modified Mon, 12 Jun 2023 12:49:59 GMT )
Маусым 12, 2023 18:49 Asia/Almaty
  • Ядролық келісімгерлер командасының баспасөз кеңесшісі: ИИР АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізген жоқ

Иранның ядролық келісімгерлер командасының баспасөз кеңесшісі: "ИИР АҚШ-пен тікелей де, жасырын да келіссөз жүргізген жоқ",-деді.

Мұхаммед Маранди "әл-Араби" телеарнасына берген сұхбатында: "ИИР мен АҚШ арасында тікелей келіссөз жүрмейді",-деді.

Мұхаммед Маранди  ИИР мен АҚШ арасында тікелей келіссөз жүрмейтінін, тек жанама түрде үшінші тараптар арқылы келіссөз болғанын айтып: "Бұл келіссөздер түрмедегілер мәселесі және АҚШ басып алған активтер туралы болды",-деді.

Мұхаммед Маранди: "Басқа да мәселелер үшінші тараптар, соның ішінде  Оман, Катар немесе Нью-Йорктегі БҰҰ арқылы талқыланады. Бірақ бұл Иран мен АҚШ арасындағы тікелей келіссөз емес. Қос тарап бір үстел басына отырмайды",-деді.

Тегтер