Маусым 13, 2023 19:30 Asia/Almaty
  • Иран мен Венесуэла арасындағы алмасу құнын 10 миллиард долларға жеткізу мақсат етілуде

ИИР Президенті Иран мен Венесуэланың жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында орта мерзімді келешекте екі ел арасындағы алмасу құнын 10 миллиард долларға жеткізу мақсатына тоқталып: «Келесі қадамда бұл көрсеткішті 20 миллиард долларға дейін арттыруға болады»,- деді.

Дүйсенбі күні түстен кейін жергілікті уақытпен Венесуэлаға ресми сапары барысында екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында Раиси Венесуэла үкіметі мен халқының жылы қабылдауына алғыс айтып, екі елдің қарым-қатынасын стратегиялық деп сипаттап: «Соңғы жылдары Иран мен Венесуэла қарым-қатынастарының кеңеюде, бірақ әлі де әртүрлі өзара мүмкіндіктер екі елдің келісімдерінің тезірек жүзеге асырылуын және олардың арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейге көтерілуін талап етеді»,- деп мәлімдеді. Раиси Иранның техникалық-инженерлік қызметтерді экспорттау және ауылшаруашылық және минералды өнімдерді өңдеу саласындағы мүмкіндіктеріне тоқталып: «Үстемдік жүйесіне қарсы тұру және санкцияларды жеңу арқылы Иран елі ғылым мен технология саласында құнды тәжірибелер мен жетістіктерге қол жеткізді, бұл жетістіктерді Венесуэламен алмастыра алады»,- деді. Раиси  екі ел арасындағы кеме қатынасының белсендірек болғанына назар аудартып, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету мен нығайту үшін өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, энергетика және валюта-банк мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді маңызды деп баса айтты.

Тегтер