Маусым 14, 2023 17:07 Asia/Almaty
  • Раиси Каракаста Иранның ғылым және технология саласындаға жетістіктері  көрмесін  тамашалады

ИИР Президенті Каракаста өткен Иранның ғылым және технология саласындағы жетістіктері көрмесін тамашалады.  


 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси кеше сейсенбі күні ирандық білімге негізделген компаниялардың кеңірек қатысуын жеңілдету және Венесуэла нарығының мүмкіндіктерінен көбірек пайда алу үшін Каракаста білімге негізделген белсенділер мен ирандық жеке компаниялардың жетістіктері көрмесін аралады.

Бұл көрмеде дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын өндіретін жеке компаниялар Венесуэла нарығында ұсынған соңғы жетістіктері мен өнімдерін көрсетті. Сондай-ақ, Венесуэланың өндірушілерінің бар-жоғын және ирандық өнімдерді жеткізу мүмкіндіктерін тексеру мақсатында президент Каракастағы ирандық «Магасис» дүкеніне барды.

Раиси осы сапарында Венесуэла нарығы мен ирандық өнімдердің осы елге экспортталуының маңыздылығына тоқталып, бар кедергілерді жоюға бұйрық берді.

 

Тегтер